МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР-ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК

0
✅Жастар ресурстық орталығы КММ-ның ұйымдастыруымен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы және ⚡️«Серпін-2050 мәңгілік ел жастары-индустрияға» бағдарламасына бөлінген мемлекеттік гранттар бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
▫️«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі болып саналады.
Дипломмен ауылға — жастарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Абай мектебінде 9,10,11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюжеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.
Серпін 2050 — Қазір халықтың жобаға деген қызығушылығы орасан зор. Бұл жоба жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыс табуына зор мүмкіндік берері сөзсіз.