АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен ағымдағы жылдың ІV- тоқсанына жоспарланған құқықбұзушылықты және сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нашақорлыққа және есірткіге қарсы күресуге бағытталған қызметін үйлестіру бойынша аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың отырыстары өтті.
Отырысқа аудан Прокуроры Ержан Қожабеков, мекеме басшылары мен ауыл әкімдері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, комиссия мүшелері қатысты.
Маңызды басқосуда, өзекті мәселелер қаралып, сала басшыларының есептері тыңдалды. Әсіресе, құқықбұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, әлеуметтік және экономикалық бағыттағы жұмыстардың орындалу барысы, жастармен жұмыс, қоғамдық тәртіп мәселелері талқыланып, профилактикалық жұмысты жүйелендіру бойынша ұсыныстар айтылып, хаттамаға енгізілді.
Жауапты баяндамашылардан соң басқосуды түйіндеген Асқар Сұлтанұлы, жауапты мекеме басшыларына әр балаға өзінің баласы сияқты қарау керектігін ескертіп, ондағы проблеманы түпкілікті зерделеп, жеке-жеке жұмыс жүргізу керектігін айтып, профилактикалық шараларды үздіксіз жүргізіп отыруды ескерті.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктерін жою, алдын алу мәдениетін қалыптастыру және әр мемлекеттік қызметкердің жеке жауапкершілігін арттыру қажет екенін баса айтып, ұжыммен семинар-кеңестер өткізуді тапсырды. Мемлекеттің қаражатын барынша тиімді пайдалану керектігін қатаң ескертті.
Сондай-ақ, еліміздің болашағы балаларымыздың есірткі мен алкогольді ішімдіктен арашалау мақсатында мектептерде жұмысты барынша жандандырып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.







