СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысты қала әкімінің орынбасары Әбілсейт Рабаев төрағалық етті.
Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлімдердің басшылары және комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу бағытында бұқаралық ақпарат құралдарында материалдардың тұрақты жариялануы, сондай-ақ денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және жер қатынастары салаларында атқарылған жұмыстар қаралды.
Комиссия отырысында мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарының сақталуы, ашықтықты қамтамасыз ету, жер қатынастары саласындағы рәсімдерді заңнамаға сәйкес жүргізу мәселелеріне назар аударылды.
Жиын қорытындысында Әбілсейт Рабаев жауапты бөлім басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын күшейту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, мемлекеттік бағдарламалар мен бюджеттік қаражатты іске асыру барысында бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.








