САЙЛАУ-2023: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ҮГІТ-НАСИХАТТЫ ЗАҢСЫЗ ЖҮРГІЗГЕНГЕ ЖАЗА ҚОЛДАНЫЛУЫ МҮМКІН

193

Мәжіліс сайлауында үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желіде заң талаптарын сақтамай жүргізген азаматтарға әкімшілік жаза қолданылады. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

ОСК хабарлағандай, сайлауалды үгіт-насихат материалдарын әлеуметтік желі парақшаларында жариялау үшін парақша иесі БАҚ сияқты 14 ақпанға дейін Орталық сайлау комисиясына, аймақтық сайлау комиссияларына ақпараттық хабарлама прайсын жіберіп, сайттарына тіркелуі тиіс.

Сонымен қатар, егер қолданушы қандай да бір үміткер туралы пост жазса, үміткер сайлаудан шеттетілмейді, посттың авторына әкімшілік жаза қолданылады.

«Автор тек өзінің пікірін жаза алады. Егер материал өз пікірі есебінде жазылса, ол кезде жауапкершілік қарастырылмайды. Ал, егер кандидаттың тапсыруымен берілген материал болса ол кезде жаза қолданылады», деді ОСК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қаржыландыру мәселесі болмауы қажет.

«Мысалы видеороликтер немесе үгіт жүргізетін материалдарға қаржы бөлінсе, ол кезде де жаза қарастырылады. Кандидантпен келісімшарт бойынша жұмыс істегісі келген адам өз ұсынысын ОСК-ға жіберуі тиіс», деді ведомстводан.

Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы туралы ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабы бірінші тармағында жазылғанын атап өту керек.