Түркістанда БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІК ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
«Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде бокстан облыстық біріншілік сәтті аяқталды. Жылда дәстүрлі түрде өтетін былғары қолғап шеберлерінің сайысы ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылына орай КСРО-ның спорт шебері Пазылбеков Марат Мәдениетұлын еске алу мақсатында ұйымдастырылды.
2008-2009 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында өткізілген жарысқа облыстың аудандарынан 350-ге жуық спортшы 20 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Мәренің соңына қарай +80 салмақта өнер көрсеткен Түркістандық Ерасыл Бақытжанұлы көрерменнің көзайымы болды. 2008 жылғы туылған жас спортшы шаршы алаңда қарсыласын нокаутқа түсіріп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.
Алтын жұдырықты бәсекенің жеңімпазын анықтау 4 күнге жалғасты.
Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Иса Ерболат 36 кг салмақ дәрежесінде 2 орын, Сансызбаев Бағдаулет 44 кг салмақ дәрежесінде 3 орын, Абибулла Ержігіт 63 кг салмақ дәрежесінде 3 орын, Бақытжан Ерасыл +80 кг салмақ дәрежесінде 1 орын иеленіп