ТҮРКІСТАНДА «ДАНА ДА ТУҒАН АНАДАН, ДАРАДА ТУҒАН АНАДАН» АТТЫ СЫРҒА ТОЛЫ КЕЗДЕСУ
Қаламыздағы «Фараб» кітіпханасында Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы, Шойбекова Сырлыкүл Адырбекқызымен кездесу кеші болып өтті.
«Дана да туған анадан, дарада туған анадан» атты тақырыбындағы жиынға зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты. Сырласу кешін облыстық «Фараб» әмбебап кітапханасының көрмелік бұқаралық ақпарат іс-шаралар секторы Пернекүл Нәлтаева ашып, жүргізіп отырды.
«Ұлы дала ел анасы» төсбелгісінің иегері Сырлыкүл ана кереметтей сырлары мен бөлісіп, қазақ халқы мақтан еткен ұлының балалық шақтағы естеліктерімен және жеңіс жолындағы аянбай тер төккен естеліктерімен бөлісті.
Сондай ақ, «балалар мен жасөспірімдер орталығының» оқушылары Бекзаттай батырымызға арнаған арнау өлеңдерін көпшілікке паш етіп, жас спортшылар өнерлерін ортаға салып, Бекзат Саттархановты өздеріне үлгі санайтындықтарын, болашақта чемпион болғысы келетіндіктерін жеткізді.
Сырға толы кеште сөз алған қалалық әйелдер алқасының төрайымы, ҚР мәдениет қайраткері Ұлжан Әбенқызы, қалалық әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсембаевтар сөз сөйлеп Бекзат Саттархановтың жарқын бейнесі мәңгілік қазақ елінің жүрегінде сақталатынын жеткізіп жастарға өнегелі өсиеттерін айтты.