“БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА…”

346

Шымкентте азық-түлік арзаншылық деп, айтатындар бар. Ол, әрине салыстырмалы түрде берілген баға деп ұғамыз.  Бағаны тұрақтандыру Шымкент қаласында өткір де, өзекті мәселе ретінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бақылауынан түскен емес.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары бойынша, келесідей шаралар атқарылуда-дейді Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев. Оның айтуынша:

➢ Кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат беру;

➢ Әлеуметтік сауда дүкендерінің санын ұлғайту;

➢ Азық-түлік жәрмеңкелерін тұрақты түрде ұйымдастыру.

Өңірлік тұрақтандыру қорына жалпы 7,7 млрд.теңге қаралып, ірі сауда желілеріне және жергілікті тауар өндірушілеріне 7 млрд. теңгеге айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілді.

Келісім-шарттар негізінде, 40-қа жуық сауда желілерімен әлеуметтік дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бекітілген бағада сатылуда.

Жергілікті тауар өндірушілердің және шаруа қожалықтардың қатысуымен апта сайын қаланың 4 жерінде тұрақты түрде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тауарлар бөлшек бағасы тұтыну нарқынан 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда.

Бұдан бөлек, жергілікті ұн өндіруші кәсіпорындар «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» арқылы бекітілген бағада (90 тг/кг) ай сайын бидаймен қамтамасыз етілуде.

Аталған шаралар бірінші сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нан бағасын тұрақты ұстап тұруға бағытталған, жалпы 1800-ге жуық                   азық-түлік нысандарында қалыпты бөлке нанның бағасы                                  90 теңгеден/данасы сатылуда.

Сондай-ақ, қант нарығындағы қалыптасқан жағдайға байланысты, «Магнум» сауда желісінің 1 000 тоннаға және «Грамад» 1 700 тоннаға келісім-шарт бар.

Ішкі нарықта құмшекердің тапшылығын болдырмау және бағаны тұрақты ұстап тұру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қоры аясында «Magnum Cash&Carry» және «GraMad» сауда желілерінде 480 теңгеден сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан бөлек, ірі азық-түлік сауда желілеріне және базарларға             «Каис Инвест» қант орталығынан 480 теңгеден күнделікті 20 тоннадан, сонымен қатар өндіруші кәспорындарға 30 тоннадан босатылуда.

Бұдан бөлек, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» арқылы               300 тоннаға келісім-шарт түзіліп, құмшекердің тиісті көлемі сауда желілеріне босатылуда.

Қосымша, «Көксу» қант зауыты арқылы 544 тоннаға өтінім ұсынылды (Грамад, Магнум, Фиркан).

Сауда желілерде құмшекердің шекті сауда үстемесі 15 пайыз деңгейінде сатылуда.

Алайда, құмшекер тапшылығын және спекуляцияны болдырмау мақсатында, тұтынушыларға (базарда әр адамға 3 кг-нан, сауда желісінде 2 кг-нан артық емес) шектеу қойылған.

Құмшекер бағасының сауда үстемесін 15 пайыздан асырған үй жанындағы дүкендерден бірқатар бұзушылықтар анықталып, 3 дүкенге жоспардан тыс тексеру жүргізілуде.

Тексеру нәтижесі қосымша баяндалады.

Шымкент қаласының халқы бір жылда жалпы 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады.

Шымкент қаласы негізгі азық-түлік тауарларымен қамту үлесі тиісті деңгейде және тұрақтандыру қорынан өзге қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірумен айналысатын кәсіпорындар («Шымкент май» АҚ, «Алтын Дән» ЖШС, «Барыс-2007» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС, «Шымкент сүт» ЖШС және т.б.) қамтып келеді.

Атап айтқанда, ұн, рожки, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасы қаланы толығымен 100% қамтамасыз етеді.

Ұн, макарон өнімдерінің қамту үлесі жоғары болғанымен, шикізат (бидай) өнімі Еліміздің Солтүстік өңірлеріне үлкен тәуелділік бар.

Бұдан бөлек, қала аумағына өзге өңірлерден немесе алыс-жақын шет мемлекеттерден тасымалданатын азық-түлік қорларын ірі дистрибьютерлік желілер («Meir-Trade Dirstibution Company» ЖШС, «Прима Дистрибьюшн» ЖШС, «Асан» ЖШС және т.б) қамтамасыз етіп отыр.

Күріш, құмшекер, қарақұмық жармасы, ас тұзы Ресей Федерациясы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының өндірушілеріне тікелей тәуелді.

Тауық еті бойынша қаланың қамту үлесі 40% құрап, қосымша қажеттілік АҚШ, Белоруссия мемлекеттерінен және Алматы қаласы мен Түркістан облысынан жеткізіледі, ал сиыр еті бойынша қала өзін                 65% қамтамасыз етіп, қосымша қажеттілік Түркістан облысынан тасымалданады.

Сүт, сүзбе өнімдерінің қамту үлесі орта есеппен 40% құрап, қосымша қажеттілік Солтүстік өңірлерден және Түркістан облысынан тасымалданады.

Сондай-ақ, көкөніс өнімдері Өзбекстан Республикасы, Жамбыл, Түркістан облыстарынан және Павлодар қаласынан тасымалданып, жергілікті қамту үлесі 10-15% шамасында.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті баға тұрақты бақылауда-дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев

“ARA-ақпарат”