Балтакөлде берекелі істер көп
Ауыл — қазақтың қасиетті мекені, қайнар көзі, һәм алтын бесігі. Ауыл – ұлттың ұйытқысы. Бүгінде өркениетті ел болып, даму жолын қаладан тапқанымызбен ауылдың алар орны ерекше.
Биылғы жылы Балтакөл ауыл округі үшін табысты, берекелі жыл болды. Елді мекен тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында округте бірнеше тындырымды тірліктер орындалды. Осы орайда, ауыл әкімі С.Ателов 2021-2024 жылдары аралығында атқарған жұмыстары жайлы сөз еткен еді.
Ағын су мәселесі
Балтакөл ауылының тұрғындары әрқашан еңбекқорлығымен, ұйымшылдығымен үлгі болған. Бұл ауылда ауыл шаруашылығы жақсы дамыған.
Су – ауыл шаруашылығындағы ең маңызды табиғи ресурс болып табылады. Су-өмірдің негізін құрайды. Өндірістік және ауыл шаруашылық өндірісте маңызы зор. Оның адамның тұрмыстық қажеттіліктеріне, барлық өсімдік және жануарға қажет екені баршаға мәлім. Көптеген тірі жандар үшін ол тіршілік ету ортасы болып табылады. Қалалардың өсуі, өндірістің дамуы, егілген жерлердің үлкеюі, тұрмыстық мәдениеттің жақсаруы және тағы да басқа факторлар су тапшылығын тудыруда. Суға қажеттілік жылдан – жылға өсуде. Судың аздығы қазірдің өзінде әлемдік күрделі мәселе болып отыр.
Осы ғаламдық ағын су мәселесіне қарамастан ағымдағы жылы Балтакөл ауыл округі шаруалары мен елді мекен тұрғындары «Сумағар» каналынан келетін ағын сумен толық қамтылды.
Туған жердің өркендеуіне елеулі үлес қосып, қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созып жүрген жомарт азаматтар ортамызда жетерлік. Сондай азаматтардың бірі, аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақовтың демеушілігімен және «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев пен аудандық мәслихаттың депутаты Бекман Әкімбеков мырзалардың бастамасымен жыл басында «Сумағар» каналы сағасынан бастап және елді мекен ішіндегі каналдарды қоса (барлығы-20 шақырым) тазарту жұмыстары жүргізілді. Соның арқасында биылғы жылы ағын су тапшылығын сезбеген балтакөлдік дихандар Уәлихан Ұзақовтың жомарттығына дән риза.
Балтакөл ауыл округінде биылғы жылғы суармалы жерді игеру жоспарына сәйкес егілген жүгері 530 га, тары 770 га, мал азығы 1128 га, картоп 45 га, күнбағыс 30 га, бақша 898 га, көкөніс 157 га, барлығы ағын сумен толық қамтылды.
Инфрақұрылым
бойынша
Балтакөл ауыл округінде ішкі көшелерді жөндеу бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар:
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында округ бойынша 2 көшеге (Балтакөл ауылындағы А.Алтаев, Құрбан-Ата көшелеріне орта жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілді. Құрылыстардың жобалық құны 107,0 млн. теңге.
Аудандық бюджет есебінен Көлқұдық ауылындағы З.Ботабеков көшесін орта жөндеу (асфальт төсеу) жұмысы жүргізілді .
4-ші деңгейлі бюджет есебінен Балтакөл ауылындағы Тәукебай көшесіне (ұзындығы 600 метр) ағымдағы жөндеу жұмысы (тас төсеу) жүргізілді. Құрылыс құны-1,6 млн. теңге.
Бүгінде ауылдық жерлерде шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелер бар. Мәселен, елдегі ауылдардың жартысынан астамында көшелер, білім беру және денсаулық сақтау нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді, инженерлік желілер тозған. Осы мақсатта бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілетін болады, сонымен бірге Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы – 2020», «Еңбек» және басқа да қолданыстағы бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылады.
2024 жылы демеуші есебінен ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізілген.
Ә.Молдағұлова көшесі (ұзындығы-1,2 шақырым), Қ.Әуесханов көшесі (ұзындығы 0,8 шақырым), Т.Сүлейменов көшесі (ұзындығы 0,2 шақырым), Көлқұдық ауылындағы М.Арыс көшесі (ұзындығы 0,8 шақырым). Жалпы ұзындығы 3,0 шақырымды құрайтын 4 көше жөндеуден өткен.
4-ші деңгейлі бюджет есебінен Балтакөл ауылындағы Тәукебай көшесіне (ұзындығы 0,6 шақырым) тас төселді. Құрылыс құны 1,6 млн. теңге.
Аудандық бюджет есебінен Көлқұдық ауылындағы З.Ботабеков көшесіне (ұзындығы 1,2 шақырым) орта жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілді.
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Балтакөл ауылындағы А.Алтаев көшесі (ұзындығы 2,4 шақырым) құрылыс құны 75,0 млн теңге, Құрбан-Ата көшесіне (ұзындығы 1,3 шақырым) құрылыс құны 32,0 млн теңге орта жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары атқарылды.
Балтакөл ауыл округінде 2021 жылы инфрақұрылым саласы бойынша атқарылған жұмыстар
- 200 орындық Мәдениет үйі (құрылыстың сметалық құны-299,0 млн. теңге. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасымен жүзеге асырылды).
- Көлқұдық ауылындағы Қ.Әділбеков көшесіне орташа жөндеу (ұзындығы 1400 метр, құрылыстың сметалық құны-17 млн.250 мың теңге, аудандық бюджет есебінен).
- Балтакөл ауылындағы Тәукебай көшесіне ағымдағы жөндеу (ұзындығы 2400 метр, құрылыстың сметалық құны 1 млн. 994 мың теңге, 4 деңгейлі бюджет есебінен).
- Үштам ауылының Тәтібай көшесіне ағымдағы жөндеу (ұзындығы 900 метр, құрылыстың сметалық құны 1,1 млн. теңге, 4 деңгейлі бюджет есебінен).
- Балтакөл ауылындағы М.Көбеев көшесінің бойындағы 0,18 га. жерді абаттандыру, жарықтандыру (құрылыстың сметалық құны 1,2 млн. теңге, 4 деңгейлі бюджет есебінен).
Көгалдандыру жұмыстары бойынша:
1.Балтакөл ауылында 3,2 га. жерге жеміс талдарын егу жұмыстары жүргізілді.
(Демеушілер есебінен суландыру үшін 2 құдық қазылды, сым тормен қоршалды, қақпа орнатылды.Екі бағбанға еңбек ақы төлеп отыр).
- Көлқұдық ауылынан 1,5 га. жер сым тормен қоршалып, 1 га. жерге тал көшеттері отырғызылды, 1 құдық қазылды.
Балтакөл ауыл округінде 2022 жылы инфрақұрылым саласы бойынша атқарылған жұмыстар
Балтакөл ауылындағы Т.Әбуова көшесіне орташа жөндеу (ұзындығы 1100 метр, құрылыстың сметалық құны 30 млн. 54 мың теңге, аудандық бюджет есебінен);
Инвестициялық бағдарлама аясында 175 электр бағанасы ауыстырылып, 5,8 щақырым электр желілері жаңартылды. Жаңадан 2 трансформатор қойылды.
Балтакөл ауылынан балалар ойын алаңшасы.Құрылыс құны 18 млн.786 мың теңге. Аудандық бюджет есебінен.
Балтакөл ауылындағы ауыз су ғимаратының қасынан сиымдылығы 150 м3 резервуар салынды. Құрылыс құны 8 млн. теңге. Аудандық бюджет есебінен.
4-ші деңгейлі бюджет есебінен; Көлқұдық елді мекенінен М.Арыс көшесіне ағымдағы жөндеу (ұзынд.-1490 м). Құрылыс құны-2,6 млн. теңге;
Ақкөл ауылынан Қ.Азаматов көшесіне ағымдағы жөндеу (ұзынд.-800 м).Құрылыс құны-1,9 млн. теңге;
Балтакөл ауыл округіндегі 2023 жылы инфрақұрылым бойынша атқарылған жұмыстар
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында округ бойынша 3 көшеге (Балтакөл ауылындағы Б.Жұмағұлов, Ә.Сандыбаев көшелері, Ақкөл ауылынан Қ.Азаматов көшесі) орта жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілді. Құрылыстардың жобалық құны 79,0 млн. теңге.
Аудандық бюджет есебінен; Көлқұдық ауылындағы М.Арыс көшесінің бойынан аяқ жол (ұзындығы-1800 метр), кіші футбол алаңшасы, Ақкөл ауылындағы Қызылорда-Балтакөл тас жолының бойынан (ұзындығы-1380 метр) аяқ жол және жарықтандыру жұмысы атқарылды.
4-ші деңгейлі бюджет есебінен Балтакөл ауылындағы Ә.Ернішев көшесіне (ұзындығы 800 метр) ағымдағы жөндеу жұмысы (тас төсеу) жүргізілді. Құрылыс құны-1,3 млн. теңге.
Самырат елді мекеніндегі Тәтібай көшесіне (ұзындығы-500 метр) ағымдағы жөндеу жұмысы (тас төсеу) жүргізілді. Құрылыс құны-1,6 млн. теңге.
Балтакөл ауылы, М.Әжіқабылов көшесінің бойындағы балалар ойын алаңшасын абаттандыру-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Құрылыс құны 1,3 млн.теңге.
Демеушілер есебінен Балтакөл ауылындағы Т.Әбуова көшесіне (ұзындығы 170 метр) жарықтандыру жұмысы жүргізілді.
М.Әжіқабылов көшесінің бойынан (ұзындығы-100 метр) аяқ жол, жарықтандыру, орындықтары мен қоқыс жәшіктері орнатылды.
Е.Қалмырзаев көшесіне (ұзындығы 900 метр) жарықтандырылды. Құрылыс құны 25,0 млн.теңге.
Қарап тұрсақ, Балтакөл ауыл округінде соңғы 4 жылда көптеген игілікті жұмыстардың жүзеге асырылғанын байқаймыз. Бұл орайда ауыл әкімі Сейітхан Ателов мырзаның бірқатар ұйымдастыру шараларын іске асырғанын айт кеткеніміз жөн.
Қысқасы, ел игілігін дамыту бағытындағы сан-салалы тірліктердің бұдан былайғы уақыттарда да өз дәрежесінде жүргізіле беретініне көз жеткіздік.
Азат Әмірбек.