ТҮРКІСТАН ТЕАТРНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

211

Түркістан музыкалық драма театрында «Ашық есік күні» болып өтті. Шараның мақсаты «Бөрте», «Фариза», «Махаббат мұнарасы» қойылымдарының актерлерімен ашық диалог құрып, көрермен көпшілікпен тығыз байланыс жасап, театр мен өнер сүйер қауымның сабақтастығын орнату болып табылады.

Атаулы жиынды жас әртістер Шерхан Саматұлы мен Ая Шәріпқызы жүргізіп, Түркістан музыкалық драма театрының директоры Айнұр Көпбасарова жиналған көрермендерге алғысын білдірді.

Кеш барысында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, жауап берген көрермендерге театрға тегін билеттер берілді. Еркін форматта өткен кеште театрдың жас актерлары жалынды жыр оқып, жағымды әндер айтты. «Ашық есік күні» ай сайын тұрақты түрде өткізіліп тұратын болды.