“ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ ТҮРГЕН ӘКІМ…”

428

Ордабасыдағы ауыл тұрғындарының мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімі Бағлан Батыршаев 21 қаңтар мен 3 ақпан аралығында ауданымызға қарасты 10 ауыл округті аралап, ауыл, елдімекендердегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамдық-саяси ахуал, шағын-орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздықты азайту мақсатында жергілікті тұрғындармен жеке қабылдаулар өткізді.

Жеке кездесулер барысында 111 азамат қабылдауда болып, 204 мәселе көтерілді.
Оның 67-сіне сол сәтте түсіндірме берілсе, 137-сі назарға алынып, уақытылы орындау үшін тиісті мекемелерге жолданды.
Аудан басшысының тікелей тапсырмасы бойынша мәселелерді кезең –кезеңімен шешу бойынша жоспарлар қабылданды.