”ЖАСТАР LIFE”

85

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жүйнек ауылдық округінің жастары арасында «Жастар life» жобасы өткізілді.

Жастарға арналған бұл жобаның негізі мақсаты ауыл жастарының тыныс тіршілігімен танысу, белсенді жастардың ортасын қалыптастару, мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттап қолдау білдіру, жастар саясатын қолдауға, және ерікті жастар санын көбейте отырып бірлесе жұмыс күшін көбейту болып табылады.

Бірлігі мен татулығын ту ете білген Жүйнек ауылдық округінің өнерлі жастары «Жастар Life» жобасына белсене ат салысты.

Іс-шараға Жүйнек ауылдық округінің әкімі Т.Асқарұлы, Жүйнек ауылдық мәдениет үйінің директоры Ш.Алибеков, Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, Сауран аудандық мәслихат депутаты Н.Абдуллаев, Сауран аудандық аналар алқасының төрайымы Н.Жұманова және Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Айгерім Ералықызы қатысып жастармен еркін форматта пікір алмаса отырып, жастар – ұлт үмітін арқа­лаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау жас буынның парызы. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде елі­міз­дің дамуы үшінде жауапты. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы — деп жастарға тілектерін жеткізді.

Ашық аспан астында өткен игілікті шарада өнерлі, талантты жастар ән айтып, би- билеп өз өнерлерін көрсетіп ерекше белсенділіктерімен көзге түсті.

Жігіттеріміз болса ұмыт болып бара жатқан көкпар, қазақша күрес,тоғыз құмалақ, арқан тартыс, аударыспақ асық ату секілді денсаулыққа пайдалы ұлттық ойындарымызды жастар арасында кеңінен дәріптей білді.

Ауылдың жас келіндері құрт жайып, күбі пісіп, табаға нан жапса жас зергерлеріміз тоқыма тоқу, ұршық үйіру, кесте тоқу, ою-өрнек жасау, құрақ тігу секілді дәстүрлерімізді дәріптейтін жұмыстарымен таныстырды.

Ауылда жеке кәсібін ашып шаруаларын жүргізіп отырған жастар, адал еңбектерінің нәтижесін көрсетті.

Жастарға қолдау білдіріп шараға белсенді түрде атсалысқан барша жанға ерекше алғыс білдіреміз.