ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

159

Елімізде орын алған ауа райының күрт төмендеуіне байланысты Сауран ауданында тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. 2023 жылдың 1-11 қаңтар аралығы бойынша ауданға қарасты 12 ауылдық округі, 35 елді мекенге тұрақты түрде бақылау жұмыстары (тазалық, электр жарығы, газ, су, жол тазалығы) жүргізіліп кезекшілік ұйымдастырылды.

Қар тазалау жұмыстарына 16 техника, 36 адам жұмылдырылды. Электр жарығы бойынша «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан 21 жұмысшы, 4 техника кезекшілікте болды.

Сонымен қатар, аудан орталығының тазалық жұмыстарына «Сауран Қызмет» МКК тарапынан 1 техника, 15 адам қар тазалау жұмыстарын жүргізуде. Аудандық «Жастар ресурстық» орталығының мамандары  тарапынан «Сауран Қызмет» МКК қызметкерлеріне ыстық кофе мен тәттілер таратылып, оларға қолдау көрсетілді. Атаулы шараға 10-нан астам жастар қатысып, белсенділік танытты.

Қазіргі таңда, 12 ауылдық округі, 35 елді мекендегі электр жарығы, газ, су тағы басқа мәселелер бойынша жағдайы тұрақты, елді мекен арасындағы жолдар қардан тазартылып қалыпты жағдайда екенін мәлімдейміз.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.