10 МИЛЛИОНДАЙ АДАМ KASPI.KZ «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР» БӨЛІМІНЕ КІРЕДІ
Kaspi.kz қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөлімінде енді:
Зейнетақы аударымдары, зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері, әлеуметтік төлемдер туралы анықтамаларды алуға болады.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Біз мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қазақстандықтар үшін бұрынғыдан да жеңіл әрі ыңғайлы етуге мемлекетке көмектесуді жалғастырудамыз. Енді біздің сүйікті клиенттеріміз үздік Kaspi.kz қосымшасында БЖЗҚ-дағы өзінің зейнетақы аударымдары, әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мен зейнетақы туралы ақпаратты онлайн ала алады. Бұл Еңбек министрлігі, Цифрландыру министрлігі, «ҰАТ» АҚ және біздің командамыздың бірлескен жұмысының нәтижесі. Мемлекеттік органдарға қазақстандықтардың игілігі мақсатында ынтымақтастық орнатқаны үшін алғысымызды білдіреміз және сүйікті клиенттерімізді жаңа инновациялық сервистермен ары қарай да қуанта бермекпіз!»
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Ербол Оспанов:
«Қызметтердің қолжетімділігін кеңейту, соның ішінде оларды екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына шығару бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде. Мәселен, жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласында банктердің қосымшалары арқылы ұсынылған 6 қызмет іске асырылды. Енді алатын жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер туралы анықтама беру мүмкіндігі туды. Халықтың бұл ақпаратқа сұранысы жоғары – өткен жылы 200 мыңнан астам адам төлемдер бойынша мәлімет алды»,– деді.
Бағдат Мусин, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: «Біз мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жиі қолданылатын мемлекеттік қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің платформалары мен қосымшаларына шығару бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда 15-тен астам мемлекеттік қызмет, соның ішінде автокөлікті қайта тіркеу, ЖК тіркеу, бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау және т.б. банктік қосымшаларда қолжетімді. Сондай-ақ банктердің платформалары арқылы цифрлық құжаттарды қолдануға болады. Мұның бәрі мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырады және азаматтарға мемлекеттік қызметтерді «осы жерден және қазір» алуға мүмкіндік береді».
Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне жыл сайын 10 миллионға жуық қазақстандық кіреді. Смартфон экраны арқылы жеке кәсіпкерді тіркеп, жүргізуші куәлігін алуға, көлікті қайта тіркеуге, баланың туу туралы куәлігін ресімдеуге, балаларға жәрдемақы алуға және басқа да мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде жеңіл әрі оңай алуға болады.
«Сауран-ақпарат».