САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН!

127

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсету халықтың өмір сүру кезеңінде үлкен орынға ие. Осыған байланысты, бірқатар шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі – әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету.

Қазіргі таңда заман талабына сай ақпараттық жүйелер арасындағы ықпалдастыру жүйесін жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастыру, халықтың мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр­у бағы­тында­ игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет.

Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемдерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.

Осының негізінде азаматтар сапалы мемлекеттік қызмет алуға мүдделі, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Электронды үкіметті дамыту, халықтың ком­пьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру маңызды қадамдардың бірі. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін.

Өз кезегінде, мемлекеттік қызмет көрсету сапа­сы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиім­ділігінің басты көрсет­кіші болады және ашықтық, адалдық, әділдік және жауапкершілік принциптері сақталуы тиіс.

Бұл орайда, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау мен оны бағалау ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілген. Яғни, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті қызмет беруші мен қызмет алушыға қанағаттанбау себебін анықтауға бағытталған кешенді зерттеулер жүргізу, мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілу заңнамасын сақтамау, уақытылы бақыламау мен қызмет алушылардың шағымдарын толық әрі уақытылы қанағаттандырмау себептерін зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеттелген.

2021 жылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдама-сын іске асыру мақсатында мемле-кеттік органдардың азаматтардың өтініштерін қабылдау тәсілі өзгерді. «E-Otinish» электронды өтініштер жүйесі қоғамдағы орын алған мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде қаралатын азаматтардың барлық өтініштері үшін бірыңғай ақпараттық жүйе. «Е-Otinish» өтініш барысын қадаға-лауға және бақылауға және қанағат-танарлықсыз жауап болған жағдай-да, мемлекеттік органның жауабына шағымдануға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Департаментке 2022 жылғы келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың арыздары негізінде 13 азаматтың құқығы қалпына келтіріліп, тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтің оң нәтижелері ұсынылған.

Бұдан бөлек, Департаментпен ағымдағы жылдың өзінде-ақ, қызмет көрсетуші лауазымды тұлғалар тарапынан қызмет көрсетудің рұқсат құжаттарының беру мерзімін бұзу, негізсіз бас тарту, қызмет көрсету рәсімін бұза отырып рұқсат беру деректері бойынша 50-ден аса әкімшілік құқықбұзушылық хаттамалар толтырылып, әр түрлі деңгейдегі 25 мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл орайда, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру Департаменттің негізгі функциялардың бірі болып қала бермек.

Әрбір мемлекеттік қызметті көрсетуші мамандар «Біздің міндет – Халыққа қызмет» деген қағидатты ұстанып, өзін үнемі халық игілігі жолында дамытып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуды мақсат етіп, адалдық, ашықтық, жауапкершілік қағидаттарына берік болса – Еліміздің болашағы жарқын болары анық!

 

Рустем МАДИБЕКОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы.