СОЗАҚТА СОҒЫС АРДАГЕРІ САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ

235

Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. Саналы ғұмырын Созақ ауданының дамуына арнап, елге қызмет еткен ардагер Сызған ауыл округіндегі №701 сайлау учаскесінде дауыс берді. Қария бүгінгі маңызды саяси науқан әділ өтсін деп бата берді.

— Еліміздің, ауданымыздың болашағы үшін әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан мен де жасым 90-нан асқаныма қарамастан таң сәріден келіп, өз таңдауымды жасадым. Саяси науқаннан шет қалмадым. Қашанда еліміз аман, бейбітшілік заман болсын,– деп ізгі тілегін жеткізіп, сайлау комиссиясының жұмысына табыс тіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі