ӘКІМ САЙЛАУЫ: МАҚТААРАЛДА БІР ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ ТҮГЕЛ ДАУЫС БЕРДІ

81

Бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің сайлауында тұрғындар белсенділік танытуда. Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында Әліхан Амантаев бастаған отбасы мүшелері түгелдей келіп №401 сайлау учаскесінде өз кандидаттарына дауыс берді.

Отағасы Мақтаарал ауданындағы қордаланған мәселелерді істің көзін білетін басшыны таңдау арқылы шешуге болатынын тілге тиек етті. Әліхан Амантаевтың отбасында дауыс беру құқығына ие жалпы 4 азамат бар. Алдағы уақытта немерелерін де саяси белсенді етіп тәрбиелеуді ниет етіп отырғанын айтты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі