СОЗАҚТА ЕҢ ЖАС САЙЛАУШЫ АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ
Сызған ауылының ең жас сайлаушысы Ұлболсын Тұрғын №701 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
— Бүгін — әрбір аудан тұрғыны үшін маңызды саяси күн. Өйткені, ауданымызды алға жетелейтін басшыны өзіміз таңдаймыз. Елдің сенімінен, көптің көңілінен шығатын азаматқа дауыс беруге шақырамын. Саяси науқанда белсенділік танытып өз таңдауымызды жасайық, — дейді жас сайлаушы.
Тұрғын Ұлболсынға жас сайлаушы ретінде арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі