САЙРАМДЫҚТАР АУЫЛДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙЫНА ЖИНАҒАН ҚАРЖЫСЫН БАТЫСТЫҚ БАУЫРЛАРҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҰМСАДЫ

92

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округінде Наурыз тойы жыл сайын ауқымды деңгейде атап өткізілетін. Жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер биыл да дәстүрлі дағдыны жалғастыруды жоспарлады. Алайда, «еліміздің әр өңірінде отандастарымыз тасқын судан опа шегіп жатқанда, той тойлағанымыз жарамас» деп, жиналған қаржыны бірауыздан батыстық бауырларға беруді ұйғарды. Артынша бұл бастамаға барша ауыл тұрғындары мен жаны жомарт азаматтар қолдау білдіріп, гуманитарлық көмек көлемін көбейте түсті.

Нәтижесінде 400 отбасыға лайықталып 2 тонна ұн, 2,5 тонна картоп, 1 тонна күріш, 3 тонна макарон өнімдері, 350 литр май, жалпы мөлшері 6,2 тонна азық-түлік, 4 тонна ауыз су мен 400 қорап гигиеналық және 400 қорап химиялық заттар, 1 қайық, 3530 дана суға тасқынына қарсы заттар мен қажетті жабдықтар алынып, гуманитарлық көмек көші облыстағы керуенмен бірге батысқа қарай бағытталды.