ЖҮЙНЕКТЕГІ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛЕНІП ЖАТЫР

136

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың есепті кездесуі Жүйнек ауыл округі тұрғындарымен өтті. Өткен кездесуде тұрғындар тарапынан 19 мәселе көтерілген. Оның біршамасы шешімін тапқан. Аудан әкімі алдымен ауданда атқарылған біршама жұмыстарға тоқталып өтті. Аудан бойынша 36 елді мекеннің

32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Ауыз сумен қамту көрсеткіші – 84,7%-ды пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың 9 айында Сауран ауданы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 6 млрд. 164 млн. теңге инвестиция тартылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артқан. Жыл соңына дейін 11 млрд. 332 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, алдағы уақытта жалпы құны 4 млрд 260 млн теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, аудандағы барлық көпірлер күрделі жөндеуден өткізіледі.

Жүйнек ауыл округі бойынша ортақ жайылыммен ету жұмыстары қарқынды. Алдағы уақытта 7 000 гектар жер қайтарылып, жайылымға беріледі. Ауыл округ бойынша 2 000 адам жер кезегінде тұр. Тұрғын үй салуға бөлінген жерлерге инфроқұрылым тартылатын болса, жер кезегіне тұрған азаматтарға кезегімен берілетін болады.

Есепті жиында тұрғындар тарапынан бірнеше мәселе көтерілді. Тұрғындардың заман талабына сай емхана қажет, көшелердің жарықшамдары жанбайды, жолға бейне бақылау камералары орнатылып, жол кедергілері қойылса деген талаптары бар. Байланыстың нашарлығы да халықты сарсаңға салған.

Барлық ұсыныс-талаптарды мұқият тыңдаған аудан әкімі 2024 жылдың бюджеті халыққа қажетті деген істерге жұмсалатын болады. Үлкен құрылыс жұмыстары инвесторларды тарту арқылы жүргізілетіндігін атап өтті. Есепті жиын соңында тиісті сала мамандарына тапсырмалар беріп, орындалуы өзінің қатаң бақылауында болатынын айтты.