Осы пандемия басталғалы бері өкпесі, бауыры ауыратындар және бұрын ауырғандар, қанты барлар мазасыз, уайым кешкені жасырын емес.Әсіресе аса нәзік, ерекше күтімді қажет ететін өкпе дерті талай жанның өмірін жалмап та кетті.
Міне,енді соның емін Шымкенттік жоғары білікті дәрігерлер тауып отыр.52 жасар Исагил Тасим 4 сәуір күні өте ауыр халде ,,Атамекен,, медициналық орталығынан Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жеткізілген болатын.Бірден жансақтау бөліміне жатқызылған азаматтың жағдайы шынында ауыр болатын.Аты жаман коронавирус құрты өкпесінің 80 пайызын зақымдап үлгерген екен.Тіпті өздігінен демала алмағандықтан аппарат қосуға да тура келді.Өн бойынан тыныс жетіспеушілігі, интоксикация синдромы және тромбоциттің төмен болуы сынды науқас белгілері табылды.Дереу іске кіріскен Шымкенттік, өз ісіне адал, терең білімді ,,ақ халатты абзал жандар,, науқасқа антиагулянтты, антибактериалды терапия бойынша ем жасап өте қауіпті дерттің бетін қайтарды.Соның нәтижесінде қазір аталған азамат жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылды. Қазір өздігінен тыныс алып жағдайы күрт жақсарған азаматты дәрігерлер бірер күнде үйіне шығарып салмақшы.
Шын мәнінде мұндай сапалы ем жасаған Шымкенттік дәрігерлердің еңбегін ерлік деуге болады.
Рахмет саған, дәрігер!
Ә.Белгібай
,,,Ара.кз,, шеф-редактор
© 2020. Ara24.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық танымдық, сатиралық сайт