«АУЫЛ АМАНАТЫ» АУЫЛДЫҚТАРДЫҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТУДА

162

Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Президент: Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек. Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал»,-деген болатын. Осыған байланысты Сауран ауданында биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Сауран ауданы бойынша төрт ауылдық округі жобаға қатысты. Олар Оранғай, Қарашық, Ескі Иқан, Майдантал ауылдық округтері. Бүгінгі таңда 1482,2 млн.теңгені құрайтын 273 азаматтың жобасы дайындалып, «Ырыс» микроқаржылық ұйымына ұсынылды. Оның ішінде 191 құжат мақұлданып (1263,8 млн теңге), 143 жоба (779,0 млн. теңге) қаржыландырылды. Бүгінгі күнге аудан бойынша 96 шаруа өзге облыстан 1157 асыл тұқымды мал сатып алса, 9 шаруа жылыжай салуда. Келесі жылы тағы да төрт ауылдық округі осы жобаға қатысатын болады. Келесі жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылардың қатары бұдан да арта түспек.

«Алтын күз» салтанатты шарасында қашанда қысы-жазы бел шешпей астық алқабынан шықпайтын бейнеткеш қауым мен мал өсіру саласының мамандары, үздіктері марапатталып, түрлі сый-сияпаттарға ие болды. Дәстүрлі «Алтын күз» жылда жалғасын табатын болады.

Ескендір ЕРТАЙ.