ЖҮЙНЕКТЕГІ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ

134

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың есепті кездесуі Жүйнек ауыл округі тұрғындарымен өтті. Өткен кездесуде тұрғындар тарапынан 19 мәселе көтерілген болатын. Қазіргі таңда оның біршамасы шешімін тапқандығы айтылды. Аудан әкімі алдымен ауданда атқарылған біршама жұмыстарға тоқталып өтті. Аудан бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Аудандағы сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші – 84,7%-ды пайызды құрап отыр.

Ағымдағы жылдың 9 айында Сауран ауданы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 6 млрд. 164 млн. теңге инвестиция тартылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артқан. Жыл соңына дейін 11 млрд. 332 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, алдағы уақытта жалпы құны 4 млрд 260 млн теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, аудандағы барлық көпірлер күрделі жөндеуден өткізіледі.

Жүйнек ауыл округі бойынша ортақ жайылыммен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды. Алдағы уақытта 7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, тұрғындарға ортақ жайылымға беріледі.

Қазіргі кездегі ең өзекті мәселенің бірі де бірегейі ауылдық жердің өзінде инфрақұрылымдық мәселелерінің шешілмеуіне байланысты тұрғындардың жеке үй салып алуына жер берілмей келгендігі. Ауыл округ бойынша 2 мың адам үй салып алуға жер кезегінде тұр. Тұрғын үй салуға бөлінген жерлерге инфроқұрылым тартылатын болса, жер кезегіне тұрған азаматтарға кезегімен беріле бастайтын болады.

Есепті жиында тұрғындар тарапынан бірнеше мәселе көтерілді. Тұрғындардың сұрауына орай заман талабына сай емхана қажет. Көшелердің жарықшамдары жанбайды. Тұрғындар тарапынан жолға бейнебақылау камералары орнатылып, жол кедергілері қойылса деген талаптары бар. Байланыстың нашарлығы да халықты әуре-сарсаңға салған.

Барлық ұсыныс-талаптарды мұқият тыңдаған аудан әкімі 2024 жылдың бюджеті халыққа қажетті деген істерге жұмсалатындығын айтып өтті. Үлкен құрылыс жұмыстары инвесторларды тарту арқылы жүргізілетіндігін атап өтті. Есепті жиын соңында тиісті сала мамандарына тапсырмалар беріп, орындалуы өзінің қатаң бақылауында болатынын айтты.

Ауданда сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары жүйеленіп жатыр. Жүйнек ауыл округінде де жарық шамдары жаңаруда. Тозығы жеткен электр желілері ауа райының қолайсыздығынан жиі сөнетін. Тұрғындар мәселені әр кездесуде ұдайы көтерген. Аудан әкімінің бастамасымен электр желілерін жаңарту жобасы жасақталып, ауыстыру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Бабыр көшесі тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Көшеге соңғы үлгідегі жарық шамдары орнатылуда. Жыл соңына дейін аудандағы барлық көшелердің жарық шамдары жаңартылады деп күтілуде.