ҚАРАШЫҚТАҒЫ ҚҰРЫЛЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың кезекті есепті кездесуі Қарашық ауылдық округі тұрғындарымен өтті. Аудан әкімі алдымен ауыл округінде атқарылып жатқан жұмыстардан бастады. Қарашықты табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, ішкі газ құбыры бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, бюджеттік өтінім жолданған. Жоба құны – 4 956,093 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, магистральды газ құбырын жасау бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысын алуға жолданған.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаржысына 6 дана трансформатор орнатылып, алдағы уақытта қосу жұмыстары жүргізілуде. Келісім шарт құны-9,8 млн.теңге тұрады. Құмтүйін елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім жолданған. Жоба құны – 106 млн теңге тұрады. Қоқыс полигонының аумағына қоршау жұмыстары жүргізілген. Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысында бағдаршам орнату жұмыстары жүргізіліп, техникалық шарт алу жұмыстары жүргізілуде.
Қарашық ауыл округі бойынша «Ауыл аманаты» жобасына 82 өтінім түскен. Аудан әкімі несиесін уақытылы ала алмай отырған тұрғындардың мәселесін жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар ауылішілік көшелерге тас төсеу жұмыстарын, ауыз су жетіспеушілігін, көнерген электр бағаналарын жаңартуды аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және АЖ бөліміне ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына дейін аяқтауды тапсырды.
-Қарашық ауыл округі кезінде диқаншылықпен танымал болған. Халқы еңбекқор. Ауылдың әлеуетін көтеріп отырған ірі кәсіп иелері бар. Олармен өзара келісіп, тұрақты түрде жұмыс жасаймыз. Ол үшін аумағы 350 гектар құрайтын индустриалды аймақ құрып жатырмыз. Аймаққа кәсіпкерлерді тартып, құжаттарын даярлауға қолдау көрсетеміз. Ауылда көтерілген мәселені тұрғындармен бірлесіп шешейік. Мен тәулік бойына сіздердің мәселелеріңізді тыңдап, шешім қабылдауға дайынмын,-деп түйіндеді өз сөзін Мақсат Асылбекұлы.