МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ

123

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Сессияны Сауран аудандық мәслихатының депутаты Ержан Мұстапаев жүргізді.

Сессияға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Атап өтсек:

1) Сауран ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы;

2) Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 қазандағы №150 «Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

3) Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 тамыздағы №47 «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 тамыздағы №48 «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5) Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 тамыздағы №49 «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.