КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Адамзаттың ақыл-ойы таласқа түскен бүгінгі ғасыр жалпы ғаламдық саяси, экономикалық және мәдени өзгерістердің ошағына айналып отыр. Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы қоғамы осы күрделі кезеңде болып отырған бүгінгі күн шындығынан тысқары қала алмайды.
Диалог – түрлі нәсілдер мен ұлттардың, діндер мен мәдениеттердің, түрлі идеялар мен пікірлердің, әр түрлі саяси түсініктегі топ өкілдерінің бір шаңырақта бас қосып, бір-бірімен мәдениетті түрде сөйлесуін білдіреді.
Конфессияаралық диалог тұжырым-дамасы мен дінаралық диалог кеңесі христиандық әлемнің көшбасшысы саналатын Ватиканның бастауымен пайда болды. Осыған орай бұл терминді миссионерлік қызметтің қолданылу құралы деген кейбір діни және саяси топтар діни диалогқа қатысты күмән тудыратын пікірлер таратты. Дегенмен уақыт өте келе шынайы диалог пайдалы және қажет екеніне көз жеткіздік.
Әлемдегі әр түрлі дін өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас, олардың бір-бірін терең түсінуі дінаралық диалог-тың маңызын көрсетеді. Ақпарат пен мәдени айырмашылықтар мен қайшы-лықтарға толы қазіргі әлемде адамдар басқа мәдениеттер мен діндерге ашық және төзімді, толерантты бола алады. Дегенмен діни және басқа да келіспеуші-ліктерге байланысты қақтығыстар, зорлық-зомбылық, кемсітушіліктер мен жағымсыз салдарларға алып келуі мүм-кін. Ал диалог арқылы бұл келіспеу-шіліктерді жеңуге және қалыпты ортаны қалыптастыруға болады.
Бүкіләлемдік жаһанданудың заманауи көріністерінде әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Астана қаласында бірнеше рет бас қосуы өзара ынтымақтастыққа жаңа жол ашып, зорлық, діни фанатизм, экстремизм және лаңкестіктен арылуға септігін тигізеді.
Дегенмен дінаралық келісімнің көптеген артықшылықтары белгілі болса да, оның дамуын қиындататын белгілі бір мәселелер мен кедергілер бар. Мысалы, кейбір діни басшылар мен қауымдастықтар диалогқа дайын болмауы немесе басқа көзқарастарды қабылдауы мүмкін. Сонымен қатар, конфессияаралық диалогты қиындататын мәдени айырмашылықтар да бар. Кейбір мәдениеттер жабық және консервативті болуы себебінен басқа мәдениеттер мен діндердің өзара қарым-қатынасына кедергілер туғызады.
Мәдени, этникалық және діни алуан түрлілікте мәдениетаралық және дінаралық диалогты қолдау, бейбітшілік пен келісімді сақтау жас мемлекет үшін таптырмас тәжірибе болып табылады.
Конфессияаралық диалог әртүрлі діни қауымдастықтар арасындағы шиеленісті азайтуға және әлемде бейбіт атмосфераны құруға көмектеседі.
Әлемдік діндер лидерлері мен ірі саяси қайраткерлердің бір-бірін тікелей тыңдап, ести алуы үшін олардың нәти-желі кездесулері мен коммуникациялық өзара іс-қимылын, әлемдік діндердің бай рухани мұрасын және өркениеттердің ортақ тарихи тәжірибесін, адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлін айқындау үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.
Диалог жүргізу, барлық кезеңдер мен халықтарды толғандыратын сұрақтарға жауап іздестіру, конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы дауларды шешу, әртүрлі дін өкілдері арасында кездесулер өткізу және байламды шешім қабылдауға арналған тұрақты қызмет ететін дінаралық институт құру мүмкіндігі Астана съездерінің басты идеясы болып табылды. Съездер жұмысы барысында діни-саяси экстремизм мен лаңкестік, діни негіздегі шиеленістер мен кемсітушілік, заңсыздық пен зорлық-зомбылық мәселелері қозғалады.
Осылайша, халықаралық конференциялар мен дінаралық форумдар қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуде діндердің нәтижелі диалогы мен тиімді ынтымақтастығының, қауіпсіздік, өзара құрметтеу, тең құқықтылық қағидаларын бекіту, рухани-адамгершілік негіздері басымдықтарының маңыздылығын ашық дәлелдейді. Қазақстанның тәжірибесі әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің конструктивтік пікір алмасу және бірлесіп күш салысу жолы адамдарды бөлетін тосқауылдардан өтуге, мәдениеттердің жақындасуына, бейбітшілік пен келісім идеяларын ойдағыдай алға қарай жылжытуға септігін тигізеді.
Қорытындылай келе, еліміз бен әлемнің тыныштығы және адамзаттың мәселелерін шешу, бейбітшілік пен келісім, мәдениет пен өркениеттің жарқын болашағы, рухани-әлеуметтік дамуы мен қауіпсіздікті сақтау үшін өзге дін өкілдерімен сұхбаттасу – діндердің негізгі қағидалары мен сеніміне нұқсан келтірмей, керісінше конфессияаралық диалогты нығайтуға көмектеседі.
Б.ӨТЕГЕН,
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ дінтанушы-теолог маманы.