МӘДЕНИЕТ — ҰЛТТЫҢ МӘЙЕГІ

153

Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев аудандық мәдениет үйлері, кітапхана, тілдерді дамыту орталығының қызметкерлері және спортшылармен кездесу өткізді. -Мәдениет қызметкерлері ауданның айнасы. Рухани келбеті. Парасат, пайымның алдыңғы шебінде жүретінде сіздер,- деп бастады сөзін Бақытжан Кеңесбекұлы. Кездесу жиынында көтерілген мәселе біреу. Жұмыла жүріп, ауданның мәдени өмірін қалыптастыру.

Жиында алдымен ауыл округтеріндегі кітапханалар жайы көтерілді. Ауылдық кітапхананың тірлігі тұраламау қажет. Оқырмандарды тарту, күнделікті іс-шаралар жоспары сақадай сай дайын болуын тапсырды орынбасар. Сондай ақ, кітапхана есігі оқырмандар үшін уақытылы ашық тұруын жіті қадағалайтынын да жеткізді. Аудан бойынша 29 кітапхана бар. Онда 311 мың кітап қоры бар. Былтыр аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 150 жуық іс-шаралар өткізілді.

Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарға алдағы уақытта ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аудан құрылғалы екі мәдениет үйіне күрделі жөндеуден өтті. Майдантал ауылдық округінде мәдениет пен кітапхана салу үшін жер телімі берілді. Барлық мәдениет үйлері мен клубтарды қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарға қойылған.

Сонымен қатар, кездесу жиынында жұмысшылардың жұмыс кестесі, қоғамдық жұмыстары, әдеп нормалары жүйеленіп, бірқатар сын-ескертпелер ескертілді. Бақытжан Кеңесбекұлы, мәдени саланың қызметкерлерімен өткізілген кездесуде бірқатар сауалдарға жауап берді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі