СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҰРҒЫН НАУБАЙХАНА АШҚАН

164
Түркістан облысы Төлеби ауданының тумасы Еркінбек Мұсабеков ұлттық жоба аясында отбасымен бірге теріскейге қоныс аударған. Еркінбек бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында тұрады. Ол өткен жылы Ақжар ауданының Мансап орталығы арқылы мемлекеттік грант алып, қазіргі таңда нан пісіру цехын ашқан. Кейін мемлекеттік грантқа жұмысқа қажетті жабдықтарын сатып алған.
Бүгінде цех толыққанды жұмыс істеп тұр. Кәсіпкер күніне шамамен 40-50 нан пісіріп, 140 теңгеден саудалап отыр. Төлебилік азаматтың наны ауыл тұрғындарының арасында сұранысқа ие.