“ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТІП ЖАТЫРМЫЗ…”

904

Көше сыпырып, қоқыс тазалап, көшет ағаш егіп, оны суғарып күтіп-баптау мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеті емес. Бірақ, жақсы істің жанынан табылып, “неміз кетеді, Түркістанда бірге түлетейік, сенбілікке шығып үлес қосайық” дейтін адам болса, ешкім бетін қақпайды. Ондай адам, ондай ұжымнан қалай айналмайсың? Түркістан облысы “Қоғамдық келісім” мекемесі ел қатарлы сенбілікке шығып жүр. Әсіресе, “Асар” жасаудан алдына жан салмай тұр. Қазыбек би көшесін көгертуге сенбілікке шыққаны бір бөлек, бүгін сауапты іс жасады. Этномәдени бірлестіктерді қайырымды іске үндеудің нәтижесінде “Ахыска” Түрік этномәдени бірлестігінің ұйтқы болуымен 7 аудан бойынша 200 отбасыға қайырымдылық көмек жасалы. 200 қорап азық-түлік жыртыққа жамау болмас, ең бастысы-адамдар арасындағы мейірім-шапағатты жоғалтпау. ”Түскі ас кешке жетпес, ықылас естен кетпес”-деген. Ендеше, Түркістанды түлетсек деген “Қоғамдық келісім” мекемесінің қыз-жігіттеріне құдай қуат, басшысы “премия” берсін…
ARA-ақпарат