“БАЗАР ЖАСТАР ЛИГАСЫ” САЙЫСЫ БАСТАУ АЛДЫ

125

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Базар жастар лигасы» футбол және волейбол турнирі басталды. Халықаралық жастар күніне орай биыл алғаш рет қолға алынған спорттық бәсекеге қаладағы базарлар және сауда орындарының командалары қатысуда. Жобаның мақсаты базар жастарын спортпен белсенді айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында футболды насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.

Іс-шараның мақсаты – базар және сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау.

Қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, базар жастар лигасы алда дәстүрлі сайысқа айналатынына сенім білдірді.

Алғашқы сайысқа 200-ге жуық өтінім түсіп, жалпы 16 команда бақ сынап жатыр. Атап айтқанда,«Барыс»,«Тұлпар»,«Авто-Нұр»,«Айна»,«Жібек жолы»,«Алаш»,«Акбар»,«Көне қала»,«Пионер»,«Орталық қырғы» базарлары және «Технодом»,«Эврика»,«Магнум»,«Мечта», Sulpak,«Север» сауда орталығы командалары жастары өзара мықтыларды анықтайды.

Ұлдар арасындағы футбол сайысы 11 тамыз күні аяқталады. 14 тамыз күні қыздар арасында волейбол сайысы басталады. Жобаның мақсаты базар жастарын спортпен белсенді айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында футболды насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.

Жеңімпаз командалар қалалық Ішкі саясат және жастар істері  жөніндегі басқармасы басшысы атынан арнайы дипломдар мен кубоктар, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Іс-шараның мақсаты – базар және сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау.