ЛОМБАРДҚА АЛТЫНҒА ҰҚСАС БИЖУТЕРИЯ АЛҚАЛАРДЫ АЛДАП ӨТКІЗГЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫН АНЫҚТАЛДЫ

214

Жетісай аудандық полиция бөліміне ломбардтан арыз түсті. Шағымданушы ер адамның айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас бижутерия алқаларын өткізіп алдап кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірген шығын көлемі 4 миллион теңге.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары алаяқтыққа қатысы бар күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, жеткізілді.

Белгілі болғандай, күдікті әйел алғашқы уақыттарда тұрақты тұтынушы болып алтынның өзін өткізіп, артынан бижутерия алқаларды да қосып отырған. Ал ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін байқамай қалған. Осылайша жеңіл келген ақшаны бас пайдасына жаратқан.

Қазіргі уақытта күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.