Түркістанда әкімдік 44 кәсіпкердің өтінішін уақтылы қарамаған
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген сыртқы талдау шеңберінде ауылшаруашылығы техникасына лизинг алу өтінімдері бойынша субсидияларды уақтылы ала алмаған 44 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Атап айтқанда, субсидия алуға арналған күту парағында мақұлданған өтінімдерді іске асырудың жаңа бірыңғай ақпараттық жүйесінің қолданысқа енгізілуіне және қаржы ұйымдарымен интеграциялануының болмауына байланысты кешіктірілген.
Енгізілген ұсынымдар негізінде анықталған кемшіліктер жойылып, 44 кәсіпкердің өтінімдері қаралып, шаруаларға 65,9 млн теңге субсидия төленді.
𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 -𝟭𝟰𝟮𝟰