ЖҰДЫРЫҚТА АҚЫЛ БОЛМАЙДЫ

27

Әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға арналған заң қабылданғалы бері әйелге күш көрсететіндер жазаланып та, темір торға тоғытылып та жатыр. Бірақ, оның әзірге күш қолданатындарды үркіте алар түрі көрінбейді. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйсенсек, жыл басынан бергі 8 айда облыста тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыс саны 23,7 пайызға немесе 135-тен 167-ге өскен. Оның басым бөлігі әйелдерге қарсы жасалған, яғни нәзікжандыларға қол көтеру дерегі 120-дан 145-ке жеткен.

Енді осы қылмыстарға талдау жасайтын болсақ, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 3-тен 5-ке, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру 11-ден 16-ға, ұрып-соғу 64-тен 98-ге көбейсе, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактілері 47-ден 39-ға, адам өлтіру 5-тен 1-ге төмендеген. Мамандардың пікірінше, отбасындағы кикілжіңнің себебі де әр- алуан. Оған көбіне қызғаныш, ішімдік ішу, өзге тұрмыстық түйткілдер түрткі болатын көрінеді. Соның едәуір бөлігі мастықтан туындайды екен.

Қазақ халқында әйелдің орны қашанда ерекше болған. Әйелді ана деп құрметтеп, қыздарды қарындас деп еркелетіп отырған. Олар ер-азаматы қамыққанда – сүйеу, тарыққанда – тіреу, қам көңілге жұбаныш бола білген. Сондықтан отбасының берекесі, әйелдің қамқоршысы болуға тиіс ерлер жұдырықпен емес, Абай атамыз айтқандай, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің» пәрменімен әрекет еткені абзал дер едік.

Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау

Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының маңызды көрсеткіші. Бұл бағыттағы негізгі мақсат – олардың өмір сүру, білім алу, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және кемсітушіліктен еркін болу құқықтарын қамтамасыз ету.

1. Әйелдердің құқықтарын қорғау

Әйелдердің құқықтары – адам құқықтарының ажырамас бөлігі. Қазақстан Республикасында әйелдердің қоғамдағы рөлі мен мәртебесін арттыру үшін арнайы заңдар мен бағдарламалар қабылданған.

  • Тең мүмкіндіктер: Әйелдер ерлермен тең дәрежеде еңбек етуге, білім алуға және басқару қызметтеріне қатысуға құқылы.
    • Зорлық-зомбылықтан қорғау: “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы” заң әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
    • Әлеуметтік қолдау: Көпбалалы аналарға, жалғызбасты әйелдерге, жүкті және бала күтіміндегі аналарға мемлекет тарапынан жәрдемақылар мен жеңілдіктер көрсетіледі.

2. Балалардың құқықтарын қорғау

Бала – мемлекеттің басты байлығы. Сондықтан әрбір баланың құқығын сақтау – елдің басты міндеттерінің бірі.

  • Негізгі құқықтары: Бала өмір сүруге, отбасында тәрбиеленуге, білім мен медициналық көмек алуға құқылы.
    • Қорғау механизмдері: “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы” заң және Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы арқылы әрбір баланың мүддесі қорғалады.
    • Зорлық-зомбылық пен қатыгездікке қарсы: Мемлекет баланы физикалық және психологиялық зорлықтан, қанаудан, немқұрайлықтан қорғауға бағытталған іс-шаралар жүргізеді.

3. Қоғамдық және мемлекеттік қолдау

  • Арнайы дағдарыс орталықтары әйелдер мен балаларға көмек көрсетеді.
    • Полиция бөлімшелерінде әйелдер мен балалар істері жөніндегі инспекторлар жұмыс істейді.
    • Білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын түсіндіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша сабақтар өткізіледі.

Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау – тек мемлекеттің емес, әрбір азаматтың борышы. Қоғамда теңдік, әділеттілік және өзара сыйластық орнаған жағдайда ғана нағыз өркениетті мемлекет қалыптасады.