БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР

260

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік операцияларына қатысу:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V Заңы.

Осы Заң Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға (миссияларға) Қазақстан Республикасы Ұлттық контингентінің қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

  1. «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысы туралы» Қазақстан Республикасы Парламентінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 134-ІІ қаулысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау және коалицияның тұрақтандыру күштерінің құрамына әскери инженерлер бөлімшесін Иракқа жіберу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін пайдалану туралы ұсынысы қабылданды.

  1. Қазақстан Республикасы Парламентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 15 – V «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлерін бақылаушы ретінде жіберу туралы ұсынысы туралы»қаулысы.

4.Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін жіберу туралы ұсыныстары туралы.

Қаулысымен қабылданған ұсыныстар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың А. жіберу туралы:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлері (40 адамға дейін) әскери бақылаушылар және штаб офицерлері ретінде:

  • «Таяу Шығыстағы БҰҰ миссиясы»;
  • «БҰҰ қарулы күштерінің Кипрде бейбітшілікті қолдау жөніндегі»;
  • «Үндістанда және Пәкістанда БҰҰ әскери бақылаушылар тобы»;
  • «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері»;
  • «БҰҰ-ның Батыс сахарда референдум өткізу жөніндегі миссиясы»;

2) Республикасы Қарулы Күштері бөлімшесінің құрамында «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» миссиясына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін (120 әскери қызметшіге дейін) қамтамасыз етсін.

Сондай-ақ БҰҰ бітімгершілік операциялары бойынша департаменті әзірлеген: мотобехот батальондарын, басқа да әскери бөлімшелерді, әскери бақылаушыларды және БҰҰ миссиясындағы штаб офицерлерді дайындау бойынша БҰҰ басшылығы бар.

БҰҰ басшылығына сәйкес жіберілетін әскери персоналға қойылатын талаптар бар:

1.Ұлттық контингент үшін (әскери персонал):

  • ҚР ҚК қатарындағы қызмет мерзімі-кемінде 3 жыл ;
  • жасы-21-тен 50 жасқа дейін;
  • әскери атақ – бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу үшін қалыптастырылатын бітімгершілік бөлімшесіндегі атқаратын лауазымына байланысты;
  • денсаулық жағдайы-климаттық жағдайлары қолайсыз жерлерде қызметке жарамдылық;
  • моральдық-психологиялық және дене жағдайы-қанағаттанарлық;
  • ағылшын тілін меңгеру-әскери терминологияның ағылшын тілінің мамандандырылған деңгейі (STANAG/ IELTS);

Ескертпе: рота, взводтар, бөлімшелер және радиотелефонистер командирі үшін ағылшын тілін білу міндетті болып табылады (STANAG – 2222 /IELTS – 3,0 ).

2.Әскери бақылаушылар және/немесе штаб офицерлері үшін:

  • ағылшын тілін білу, IELTS 4,5 немесе STANAG 3333 не TOEFL 566 (86) деңгейінен төмен емес;
  • денсаулық жағдайы – климаттық жағдайлары қолайсыз (ыстық) жерлерде қызметке жарамдылық;
  • қанағаттанарлық моральдық-психологиялық және дене бітімінің жай-күйі;
  • жасы 25-тен 55-ке дейін;
  • ҚР ҚК-да қызмет өткеру мерзімі кемінде бес жыл;
  • жүргізуші куәлігінің болуы және механикалық беріліс қорабы бар автомобильді жүргізу дағдылары;
  • капитан, майор, подполковник және полковник (генералдар – ерекше жағдайларда сұрау салу бойынша) әскери атағының болуы.