«КИЕЛІ МЕКЕН»
«КИЕЛІ МЕКЕН» апталығы аясында Ордабасы ауданындағы тарихи — өлкетану музей ұжымы Темірланның кіре берісінде орналасқан Қарауыл төбе аймағын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Ордабасы өңірінде жұмыстар жалғасып жатыр. Киелі мекеннің тарихи орындары қоқыстан тазарып, абаттандырылуда. Кезекті тазалық жұмыстары тарихи орын Қарауылтөбе аумағында өтті.
Қарауылтөбе — б.д.д Vғ — б.д І ғ аралығынан қалған археологиялық ескерткіш. Арыс өзені арнасының сол жақ жиегінде орналасқан. Оңтүстіктен солтүстікке қарай созылған жұмыр төбе тәрізді ескерткіш — патшалық үлгідегі сақ қорғаны.
ХІХ ғасырдың соңында Қарауылтөбеден ХІІІ — ХІV ғасырда Отырарда, Таразда, Шашта, Алмалықта соғылған 1850 дана күміс, алтын теңге табылды. Арыс өзені бойында өзге биіктерден еңселілігімен ерекшеленетін қорған үйіндісі орта ғасырда жаугершілікте белгі беретін орынға айналған. Мұны Қарауылтөбе деген топонимі айғақтайды.