ӘСКЕРИ ОҚУ ДАЛАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

89

Бүгін №18 колледж студенттері арасында әскери оқу далалық жаттығу жиыны басталды.

Іс-шараның мақсаты — болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, жас сарбаздарды елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу.

Аталған шараға Ордабасы аудандық Қорғаныс Істер бөлімінің бастығы, подполковник Б.Ташпулатов, бөлім инспекторы Ж.Тулешов және Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ә.Баймаханова қатысты.

Жас өрендер 5 күн бойы әскери өнердің қыр-сырына машықтанып, әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен танысып, ұрыс әдістерін үйренетін болады.Алғаш рет оқу қаруын қолданып, сарбаз міндетін сезінді.

Оқу-дала жиынында жастарға тактикалық дайындық, атыс дайындығы, саптық дайындығы, әскери топография жөнінде практикалық сабақтар өткізілетін болады.

Шара соңында ДТЖЖО А.Серікбай қонақтарға алғыс айтып, колледж студенттерінің болашақта Отан қорғаушылар сапынан табылатындығына сенім білдіретінін жеткізді.