ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

57

Бүгін №18 колледж студенттерін әскери қызметке шақыру бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Аудандық Қорғаныс Істер бөлімінің өкілдері ҚР Қарулы Күштері туралы баяндама жасады, онда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның негізгі ережелері, әскердің имиджі және әскери қызметті өткерудің артықшылықтары туралы айтып берді, әскери қызметке шақыру үшін құжаттарды рәсімдеу бойынша тәжірибелік ұсыныстар берді және әскери кафедра түлектерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында лайықты орын алуға шақырды.

Ұлттық Біріңғай Тесттен кем дегенде 50 балл жинау керек, таңдау пәні негізгі пәннен физика және математикадан 7 баллдан, басқа пәндер 5 баллдан төмен болмауы керек. Әскери медициналық мамандыққа негізгі тандау пәні “Биология және Химия” таңдайды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлгіне қарасты Әскери оқу орындар:

  1. “Т. Бегелдинов” атындағы Әуе Қорғаныс Күштері Әскери институы және әскер медициналық акдемиясы;
  2. “С.Нұрмағамбетов” атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты;
  3. Радиоэлектроника және байланыс инженерлік әскери институты;
  4. “Ш.Уалиханов” атындағы Әскери колледжі;
  5. Астана қаласындағы “С.Нұрмағамбетов” атындағы Әскери колледжі.

Жеңілдіктер:

Әскери оқу орнына қабылданған курсант толық мемлекет қарауында ақысыз оқиды;

Жатын орын, әскери киім ,тамағы, қысқы және жазғы демалыс уақыттарында мекен жайына келіп кетуі мемлекет есебінен;

Оқу бітіргеннен кейін лейтенант әскери шені және жоғары мамандық бітіргені туралы диплом беріліп, жұмыспен қамтамасыз етіледі.