МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҮЙДЕ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТІЛУДЕ
Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл жүйелері бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсету жағдайында жүзеге асырылады.
Әлеуметтік қызметкер ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, өмірлік қиын жағдайларда қолдау көрсету мақсатында Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес 8 бағытта қызмет көрсетіледі.