ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Ағымдағы жылдың 18 қараша күні Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жүйнек ауылдық округы Шыпан жалпы орта мектебінде жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу және отбасы құндылығын насихаттау мақсатында Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Жүйнек ауылдық округының инспекторы Р.Ташпулатов пен Жүйнек ауылдық дәрігерлік амбулаториясы психологы Р.Юлдашевтың қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу және одан шығу жолдарымен таныстыру, жастар мен жасөспірімдер арасында отбасы құндылықтарын насихаттау. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қалыпты қарым-қатынасты қалыптастыру.
Мектеп табалдырығын аттаған баланың жан-жақты білім алып, құзіретті, рухани бай тұлға болып қалыптасуына ең бірінші ықпал ететін – ұстаз болса, оның сүйеніші ата-ана. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Оқушының бойындағы тәлім-тәрбие мен білімділік мектеп пен ата-ана бірлесіп жұмыс жасағанда үйлесімділік табады.
Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік, баланың құқығын қорғау жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақты қалыптастыру мақсатында тренинг жұмыстары жүргізілді.