БҮГІН АУДАН ӘКІМІ АЗАТ ОРАЛБАЕВ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ ТАРАПЫНАН

64

«1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған шараға қатысып, мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ бірқатар үздік бүлдіршінге алғыс жариялап, сыйлықтар табыстады.

Мерекелік шараға аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, облыстық мәслихаттың депутаты Ғани Раимбеков, аудандық мәслихаттың бір топ депутаттары да қатысып, сөз сөйлеп, сый-сияпат үйлестіріп берді.

Өз кезегінде ата-аналар жомарт жандар тарапынан балаларының көңілдері үшін жасалынып жатқан игі істерге ризашылықтарын білдірді.

Шара барысында өнерлі балалар ән айтып, би билеп, көпшіліктің көңілін көтерді.

Айта кету керек, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 170, “Шапағат” оңалту орталығында 29 бала тіркеуге алынған.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі