ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

84

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНАН САҚТАНАЙЫҚ!

КҚГҚ – вирус арқылы туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру.

КҚГҚ вирусын жұқтырған адамдардың — 40%-ға дейіні қайтыс болады.

КҚГҚ ауруына қарсы вакцина жоқ.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы КҚГҚ-ның табиғи ошақтары болып табылады.

КҚГҚ жұғу жолдары қандай?

КҚГҚ вирусы ұсақ кеміргіштер, кірпі және қоян сияқты жабайы жануарлар, сонымен қатар ешкі, қой, сиыр және жылқы сияқты үй жануарларымен қоректенетін кенелердің ағзасында болады. Осы жануарлар аймағында тұратын немесе жануарларды өсіру, күтіп-қараумен айналысатын адамдар арасында КҚГҚ-ның қоздырғышын жұқтыру қаупі өте жоғары.

Сіз КҚГҚ қоздырғышы бар кененің шағуы немесе кенемен тікелей жанаста болуыңыз арқылы ауруды жұқтыруыңыз мүмкін:

  • Мал сойғанда немесе бөлшектегенде мал еті, қаны немесе терісін алу арқылы
  • КҚГҚ ауруымен ауырған адамның қанымен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтары арқылы
  • Жұқпаланған кенені езу немесе жаншу арқылы

КҚГҚ диагностикасы және ем шаралары

КҚГҚ-ның төмендегі алғашқы клиникалық белгілері кенеттен пайда болуы мүмкін:

  • Дене қызуының көтерілуі (Температура)
  • Бас ауруы
  • Буындар мен бел аймағындағы ауырсынулар

КҚГҚ жұқтырған адамдарда, жоғарыдағы белгілерден кейін тері бөртпесі пайда болып және/немесе мұрыннан, қызыл иектен немесе инъекция енгізу орындарынан қан кетуі мүмкін.

Осы белгілердің кез келгенін байқасаңыз, әсіресе кене шаққан болса, мал союға немесе ет бөлшектеуге қатысқан болсаңыз немесе ауру жұқтырған адамдармен қатынаста болсаңыз, дереу медициналық көмекке жүгінуіңіз қажет.

Емдеу іс шаралары қол жетімді және мүмкіндігінше тезірек басталуы қажет. Тек ерте емдеу өлімге әкелетін асқынуларды болдырмауға көмектеседі. КҚГҚ ауруын жұқтыру қаупі бар адамдар 14 күн бойы дәрігердің бақылауында болады.