АРЫСТЫҚ 400 ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНЕ ЖІБЕРІЛДІ

256

Биыл Арыстағы 2 мыңнан астам баланы қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерьлеріне жіберу жоспарланған. Осы ретте Кентау маңындағы «URKER» жазғы сауықтыру лагерінің бірінші кезеңіне 400 оқушы жіберілді. Әр маусымның ұзақтығы 10 күн.

Жалпы жаз мезгілінде Түркістан облысында 33 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Биыл өңірдегі 70 мың бала сауықтыру лагерьлерінде демалады. Оның ішінде 50 мың бала — әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен тегін демалса, 20 мың бала — ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста жалпы 3 421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі