ТҮРКІСТАНДА ДІН САРАПШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

69

Түркістан облысындағы діни ахуалды тұрақтандыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында облыстық дін сарапшыларының бас қосуы өтті. Шараға дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы және Түркістан облысының бас имамы Е.Сматұлы, дінтану саласындағы жетекші сарапшылар, сондай-ақ дінтанушы-теологтар қатысты.

Жиынды дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы ашып, бұл шараның облысымыздағы діни мәселелердің шешілуіне ықпал етуіне әсері мол болуына сенім білдірді.

Талқыланған өзекті тақырыптардың бірі діни экстремизм мен радикалдану мәселесі болды. Жиынға қатысушылар экстремистік идеологияның таралуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті. Халықтың діни сауаттылық деңгейін арттыруға, діни ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейтуге, сондай-ақ радикалды идеялардың ықпалына түскен тұлғаларды оңалту бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған нақты шаралар ұсынылды.

Сонымен қатар мәжілісте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жайлы сөз қозғалды.