Сарыағаштағы мүгедек балалаларды оңалту орталығында арнайы сабақтар өтуде

88
Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Сарыағаш мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ орталығында «Көкөністерден жазғы жеңіл салат» тақырыбында еңбек нұсқаушысы Азимбаева Айгүлдің жұмыс жоспарына сәйкес сабағы өткізілді.  Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабағы қызмет алушылардың күнделікті өмірде және келешектегі өмірлік қалыптасуын дамыту мақсатында өткізілген. Яғни, нұсқаушының бірден бір ниеті, арнаулы әлеуметтік оңалту іс шараларының оң нәтижесін байқап білу арқылы, қызмет алушы бала өмірлік қажеттіліктерін өз еңбегі арқылы қолдана алу үшін, қандай бір істі қолға алып, жұмыс көзін тауып, мамандық иелері болып дамуына ықпал жасау.
Мүгедек бала — бір отбасының ғана емес, қоғамның мәселесі. Сондықтан мемлекет жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балаларға барынша қамқорлық көрсетіп келеді. Яғни медициналық, заңдық, әлеуметтік бағыттардағы көмекті аянып қалмауда. Мүгедектігі бар баллар ең алдымен медициналық көмекке аса мұқтаж. Осы себептен мемлекет еліміздің түкпір-түкпірінде оңалту орталықтарын көптеп ашуда. Кез-келген бала, соның ішінде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар. Ортадан жырақ қалған балаларда ондай қажеттілік одан да жоғары және де олардың кейбіреуі медициналық қызметкер мен педагогтың назарын үнемі қажет етеді. Медициналық сауықтыру ауру, жарақат, жарымжан болудың салдарын шешуге немесе жеңілдетуге бағытталған диагностикалық, емдік және сауықтыру іс-шараларының жиынтығын қарастырады.