Сарыағаш мүгедек балаларды оңалту орталығында балаларға арналған «Гүлдерді баптау» сабағы өтті
Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Сарыағаш мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ орталығының
еңбек нұсқаушысы Азимбаева Айгүл қызмет алушы балаларға арналған «Гүлдерді баптау» тақырыптық сабағын өткізді. Сабақ қызмет алушы балаларға дала гүлдері мен бөлме гүлдері мен оны күтудің ережелерімен таныстыру мақсатында өткізілген. Нәтижесінде балалар гүлдердің құрылысын білу, гүлдердің отырғызылуын, тәжірибе жасау, өсуін бақылаумен айналысты. Одан бөлек, ссте сақтау, қиялын, ойлау қабілеттерін дамытты. Сонымен қатар, бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу, әдептілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында тиісті ақпараттар берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға айрықша көңіл бөлу қажет екенін айтқан-ды. «Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз.
Елімізде түрлі сырқатқа шалдығудың кесірінен мүмкіндігі шектелген балалардың саны 90 мыңға жақындайды. Дәлірек айтсақ, 85-87 мың аралығында. Өкінішке қарай, соңғы бес жылда олардың саны өсіп бара жатқаны байқалады. Бірақ сол балаларды оңалтуға арналған орталықтар көп емес. Қазақстанда балаларды оңалтуға арналған 152 орталық болса, оның 19-ы ғана Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне кіреді. Білім және ғылым министрлігінің қызмет аясына кіретін орталықтар саны 12 болса, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүйесінде 24 орталық бар. Жекеменшік оңалту орталықтарының саны – 97. Бұдан бөлек көппрофилді клиникалардың жанынан ашылған 10 оңалту бөлімшелері бар.