Сайрам ауданында мүгедектігі бар адамдарды қолдау шараларын оңтайландыру шаралары жүргізілуде

61

Бүгінде Сайрам ауданында мүгедектігі бар адамдарды  қолдау шараларын оңтайландыру шаралары жүргізілуде. Сайрам ауданы бойынша бүгінгі таңда ҰОС ардагері — 1, ҰОСҚ мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар- 420, ҰОСҚ теңестірілген басқа санаттағы азаматтар саны — 371, батыр аналар-129, «Алтын алқа» иегерлері- 1220 адам, «Күміс алқа» иегерлері- 3010 адам, 1-2 дәрежелі Ана Даңқы орденімен марапатталған аналар — 351 адам  және 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналар-12309 адамды құрайды. 2024 жылдың 1 шілде айына 10149 мүгедектігі бар адамдар есепке алынған, оның ішінде: І топтағы мүгедектігі бар адамдар – 817 адам,  ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар – 3140 адам, ІІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар – 4347 адам және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 1845 адамды құрап отыр.

2024 жылға жергілікті бюджет есебінен 5713 жекеленген санаттағы азаматтарға 167537,0 мың теңге қаржы бөлінген. Мерекелік және даталы күндерге орай біржолғы және ай сайынғы әлеуметтік төлемдер жасалып  5527 жекелеген санаттағы азаматтарға 135514,0 мың теңгесі игерілді. 2024 жылдың  6 айында облыстық «Ардагерлер үйінде» 120, «Мейір» ардагерлер үйінде 180 жекеленген санаттағы азаматтар сауықтырылса, жергілікті бюджет есебінен «Күлпаршын» ЖШС-не 329 зейнеткерлер жолдамамен қамтамасыз етілді.

Бүгінде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғаудың түрлі шаралары көзделген. Мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы мөлшерінің тұрақты өсуінен басқа, елде өмір сүру жағдайларын кешенді жақсартуға да ерекше назар аударылады.

Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау қалалар мен ауылдарда қажетті инфрақұрылымды құру жөніндегі шараларды қоса алғанда, мүгедектікті алу рәсімдерін оңайлату, оның ішінде қызметтер мен деректерді цифрландыру есебінен осы процесті онлайн режимге ауыстыру, оңалту жүйесін одан әрі жақсарту, жұмысқа орналасу кезінде қолдау, білім берудің қолжетімділігін арттыру, қоғамда сыйластықты қалыптастыру ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қарым-қатынас және т. б. көпжақты тәсілдермен жүзеге асырылуда.