Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қалай құрмет көрсетілуі керек

97

Түркістан облысының тұрғындарының назарына ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау жөнінде ақпараттарымызды ұсынамыз. Қазіргі уақытта Қазақстан ерекше қажеттіліктері бар адамдарға ынтымақтастық пен құрмет рухын қалыптастырудағы кедергілерді еңсеруде. Мұны қалалардың көптеген жерлерінен, тіпті мобильді цифрландырудан да мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарастағы оң өзгерістері дәлелдей түседі.

Бүгінгі күнді XXI ғасыр басымен салыстырып қарасақ, ауыз толтырып айтарлықтай елеулі өзгерістер болғанын көре аламыз. Ол белгілі бір мекемеге кіріп-шығуға арналған пандустар, нашар көретіндерге арналған арнайы жолдар, қала орталарына лифттер, пандустар, дыбыстық бағдаршамдар және шағылыстыратын белгілер сияқты шаралар арқылы қол жетімді болуда. Бұл өзгерістер мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жайлы ету үшін жасалған. Бұл қоғамның ерекше қажеттіліктері бар адамдар кездесетін қиындықтарға көбірек қамқорлық жасауға жалпы ұмтылысын көрсетеді.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартудың негізгі аспектілерінің бірі мәселеге көзқарасты өзгерту болып табылады. Ерекше қажеттілігі бар жандарға өмір сүру жағдайын жақсарту үшін тек мемлекет пен арнайы қауымдастықтар ғана емес, жалпы қоғамның да тұтастай ынтымақтастық рухын қалыптастыру арқылы жетуге болады. Бұл мүмкіндігі шектеулі адамдар өздерін жайлы және құрметті сезіне алатын кедергісіз кеңістік құруды қамтиды.

Ал аталған оң өзгерістерге қарамастан, кейде жұмыс істемейтін лифтілер сияқты көмекші құралдарды енгізуде қиындықтар бар екені мәлім. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру жағдайын одан әрі жақсарту үшін қоғамдық көлік кедергісіз қатынайтын Еуропа елдерінің тәжірибесіне жүгіну қажет. Ол үшін әрине сол елдердің жалпы жүріп өткен жолы, қауіптері, мүмкіндіктері деген сияқты критерийлерге аса мән беру қажет. Қазақстан инклюзивті қоғамға бет бұрғанымен, әлі де қиындықтар бар. Дегенмен, жастардың белсенді қатысуы және қоғамның мүмкіндігі шектеулі жандардың қиындықтарын түсінуге деген ұмтылысы арқылы ел барлық азаматтары үшін мейірімді және инклюзивті кеңістік құру үшін алға жылжи алады.

Қоғамда ерекше қажеттілігі бар жандарға адамдардың өзара көзқарасы, қарым-қатынасы ерекше болатыны жасырын емес, осы тұста мүмкіндігі шектеулі жандарға қалай құрметпен қарау керек деген сұрақтар туындауы мүмкін.