Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай мөлшерде жәрдемақы төленеді?
Түркістан облысының тұрғындарының назарына Қазақстандағы қалыптасқан мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін ұсынамыз. Бірінші деңгей мемлекеттік бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар Қазақстан азаматтарының конституциялық кепілдіктерінің бірі болып саналады. Жәрдемақылар мүгедектігі бар адамның еңбек өтілі бар ма, жоқ па, жәрдемақы алу үшін жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғасқанына қарамастан төленеді. Жәрдемақы мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады. Күнкөріс деңгейінің жоғарылауына байланысты олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне арттыруға кепілдік беріледі.
Кейбір жылдары Мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде олар екі рет артады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға ұлғайтылды. Мысалы, жалпы аурудан мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы мөлшері өткен жылмен салыстырғанда:
1 топ — 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге дейін;
2 топ — 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге дейін;
3 топ — 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін артты.
Өсу нәтижесінде мүгедектік бойынша орташа жәрдемақы 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 541,8 алушыға 74 мың теңгені құрайды.
Соңғы 6 жылда мүгедектік бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 2,3 еседен астам өсті (2018 жылы 32 392 теңгеден 2024 жылы 73 953 теңгеге дейін).
2024 жылға арналған мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге бюджеттен 487,4 млрд теңге қарастырылған. Ал, екінші деңгей – егер жұмыс беруші зардап шеккен қызметкер үшін МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар аударған болса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) төленетін әлеуметтік төлемдер.
Әлеуметтік төлемдердің мөлшері қызметкердің табысына, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне тікелей байланысты.
Қазақстан Үкіметінің шешімдеріне сәйкес әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне көтеріледі. Бұдан басқа, іске асыру үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайларға әлеуметтік төлемді тағайындау параметрлері қайта қаралды. Бұл төлемдер мөлшерінің орта есеппен 50%-дан кем емес өсуін қамтамасыз етті.
Биыл еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайларында төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7%-ға артқанын атап өткен жөн.
Сонымен қатар, үшінші деңгей — сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері, егер еңбек ету қабілетінен айырылу еңбек мертігуімен немесе кәсіптік аурумен байланысты болса және зардап шеккен қызметкердің пайдасына қызметкерді «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан заңында көзделген жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты жасалған жағдайда төленеді.
Осылайша, қазір Қазақстанда әлемдік тәжірибені ескеріп, халықаралық стандарттарға жауап беретін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі құрылды. Өйткені ол мемлекеттің, қызметкердің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген», – деп түйіндеді маман ресми сауалға берген жауабында. Қазақстанда 725 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек пен жеңілдік түрлері.