Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай шараға билетсіз кіре алады

36

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау, қоғамдағы инклюзияны, барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Қазіргі заңнамаға сәйкес, ​I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар барлық шараға тегін кіре алады. Олар мемлекеттік концерттік мекемелер өткізетін іс-шараларға, мемлекеттік театрларда өтетін спектакльдер, мемлекеттік мәдени-ойын-сауық мекемелерінің іс-шаралары, мемлекеттік цирктердің іс-шаралары, мемлекеттік кітапханалар ұсынатын қызмет түрлері, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ұсынатын қызметтері. Ал ​III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар барлық шараға 50 пайыздық жеңілдікпен кіре алады.

Сонымен қатар, мемлекеттік мәдени-ойын-сауық мекемелерінің іс-шараларына  I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін кіре алады. 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін кіреді. III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікпен тамашалай алады. Ал, мемлекеттік цирктердің іс-шараларына I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін кіре алады.  18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін кіреді. III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікті пайдалана алады. Мемлекеттік кітапханалар ұсынатын қызмет түрлеріне I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін пайдалана алады. 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін пайдаланады.  III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікпен тамашалай алады.  Мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ұсынатын қызметті I және II топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін қолдана алады. 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер тегін пайдалана алады.  III топтағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар 50% жеңілдікті пайдаланады.