Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады

90

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы және білім алуы жөнінде ақпараттарды ұсынамыз. Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай, арнайы мектептерде білім алады.Балалар қоғамдық ортаға бейімделе бастайды, себебі мұғалімдер арнайы сабақтар өткізіп, үйірмелерге қатыстырып, баланың бойындағы икем дағдыларын анықтайды. Даму мүмкіндігіне қарай мұғалім тапсырма бере отырып, балаға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, ата-аналарымен бірлесе отырып тәрбиелеу, оларды келешек қоғамдық орында өзін-өзі басқаруға ықпал жасайды. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу өте қиын, қиын болса да мұғалім үздіксіз еңбек етуден жалықпайды. Баланың танымдық және жеке көңіл-күйінің ауқымын терең психологиялық экспе-римент жүргізе отырып, бала бойындағы ерекшеліктерді анықтауға болады.

Баланың танымдық және жеке көңіл-күйінің ауқымын терең психологиялық экспе-римент жүргізе отырып, бала бойындағы ерекшеліктерді анықтауға болады. Себебі, мұндай балалардың арасындағы дарынды балалар қоғамға бір пайдасын тигізетін қолынан шыққан түрлі зергерлік бұйымдарынан дайындалған көрмелер ұйымдастырылып, оларды жоғары дәрежеде бағалап, сатылым-сұранысына ие болып, шетел қонақтары өздеріне ескерткіш ретінде алып кетіп жатады. Бала әр түрлі психо-диагностикалық әдістерді пайдалана отырып анықтап, психологиялық қорытынды жасау Г.А.Цукерманның айтуынша:«Психологиялық түзету-дамыту жұмысы арқылы бойындағы даралық қабілеттерді қалыптастыру емес,жаңа әрекеттерге аяқ баса алатын интерпсихикалық кеңістік қалыптастыруы қажет.Яғни, ауытқушылық мінез-құлықты түзетуге, өзіне-өзі сенімділікті оятуға ықпал етеді».Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал етіп,жалпы психикасын жағынан ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету барысында оқушыларға ойын тренингтер,сауалнама, ойын -терапия өткізудің маңызы зор.