Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беретін ортаға қарай бейімдеу

58

Түркістан облысының тұрғындарының назарына даму мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық үрдістерін дамыту жолдары жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшелігі сау балалардай емес, оқу бағдарламасын жай қабылдайды. Олардың интеллектуалды даму деңгейі, зейіні, есте сақтауы, ойлау қабілеттері төмен болады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, өз ойларын айту жағдайына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дамиды. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан  әлеуметтік мәселелер: экологиялық, экономикалық, отбасылық дағдарыстар әр жастағы балалардың психикалық аурулар мен жүйке жүйелерінің бұзылуына әкеліп отыр. Олар психикалық дамуының тежелуі жүйке жүйесінің бұзылуы, яғни олигофрения, логоневроз, энурес, аутизм т.б. ауруларымен ауырады. Қазақстанда кемтар болып туылатын балалардың саны жыл сайын өсіп келеді.

Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.  Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет Ең алдымен, даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау.Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою.  Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен, парталармен, үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, пандустар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет.